қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
07.12.2020

«Деректертану ғылымы контексті аясындағы тарихи зерттеулер: ақпараттық ресурстар, аналитикалық әдістер және сандық технологиялар» халықаралық ғылыми-конференциясы

 

2020 жылы 6 желтоқсанда Тарих және құқық институты Т.С. Садықова атындағы «Қазақстан тарихы» кафедрасының оқытушылары тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Далаева Т.Т. және PhD докторы Белоус С.Г. Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университеті (Мәскеу, 4-6 желтоқсан, 2020) Тарих факультетінің «Тарих және компьютер» аймақаралық қауымдастығы ұйымдастырған «Деректертану ғылымы контексті аясындағы тарихи зерттеулер: ақпараттық ресурстар, аналитикалық әдістер және сандық технологиялар» халықаралық ғылыми-конференциясына қатысты.

 

Далаева Т.Т. және Белоус С.Г. «Кәсіби тарихты оқытудағы сандық ресурстар мен технологиялар» секциясына қатысып, тарихшы-студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарын (ҒЗЖ) ұйымдатыру үшін ауызша тарих (Айтылған тарих) және мәдени тарих призмасы арқылы цифрлық құралдарды қолдану туралы ойларымен бөлісті.

 

   

 

Тарих және құқық институты

ак. Т.С. Садықова атындағы Қазақстан тарихы кафедрасы