қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
16.12.2020

Абай университетінің ғалымы мемлекеттік сыйлықпен марапатталды

 



Еліміздің Тәуелсіздік күні қарсаңында Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен елдің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастықты нығайтуға, белсенді қоғамдық қызметке қосқан елеулі үлесі үшін ел азаматтарының үлкен бір тобы мемлекеттік наградалармен марапатталды.Марапатталғандардың қатарында өндіріс, бизнес, білім беру, денсаулық сақтау салаларының көрнекті өкілдері, әскери қызметкерлер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, спортшылар, соғыс және еңбек ардагерлері, мәдениет және ғылым қызметкерлері болды.


Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры, «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» орталығының жетекшісі Бейсенова Әлия Сәрсенқызы «Отан» орденімен марапатталды.


Бейсенова Әлия Сәрсенқызы - географ, география ғылымдарының докторы (1984), профессор (1985), ҚР ҰҒА корреспондент мүшесі (1994), Қазақстан Жоғары мектебінің еңбек сіңірген қайраткері (1987). «Құрмет Белгісі» орденімен марапатталған. Оның ғылыми еңбектері Қазақстан аумағын физикалық-географиялық зерттеу тарихына, экологиялық проблемаларға, табиғаттың ерекшеліктері мен Қазақстанның экономикалық дамуына арналған. Ғалымның Шоқан Уалихановтың географиялық жазбаларын зерттеудегі жұмысы жоғары бағаланды.