қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
20.12.2020

«Тұғыры биік - Тәуелсіздік»

 

ҚР Тәуелсіздік күніне орай «Тұғыры биік - Тәуелсіздік» салтанатты шарасы өткізілді.


Салтанатты шарада университет ректоры Такир Балықбаев шараға қатысушыларды Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтап, қажырлы еңбектерімен ерекшеленген бірқатар профессор-оқытушы құрамы мен қызметкерлерді марапаттады.


Еліміздің Тәуелсіздік күні қарсаңында ҚР Президенті Жарлығымен мемлекетіміздің әлеуметтік-экономикалық және мәдени дамуына, халықтар арасындағы достық пен ынтымақтастық нығайтуға қосқан елеулі үлесі, белсенді қоғамдық қызметі үшін ел азаматтарының үлкен бір тобы қатарында біздің ЖОО-ның жетекші ғалымдары да марапатталды.


«География және экология» ғылыми-әдістемелік орталық жетекшісі, акдемик Бейсенова Әлия Сәрсенқызы ІІ дәрежелі «Барыс» орденімен және «Парасат» орденімен «Латын» ғылыми-практикалық орталығының жетекшісіОразбаева Фаузия Шамсиқызы марапаттарына ие болды.


Шара барысында жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеудегі елеулі табыстары үшін және кәсіби мамандарды даярлауға қосқан үлестері үшін 70 профессор-оқытушы құрамы мен қызметкерлер түрлі марапаттарға ие болды.

 

«Үздік ұстаз» төсбелгісімен
Дене шынықтыру кафедрасының меңгерушісі - Мухиддинов Ергали;
Көркем білім кафедрасының университет профессоры- Тлеужанов Абдилхан;
Мектепке дейінгі білім беру және әлеуметтік педагогика кафедрасының доценті-Айтпаева Алмагуль;
Арнайы педагогика білім беру бағдарламасының профессоры -Жиенбаева Надежда;
Шетел тілдері кафедрасының меңгерушісі міндетін атқарушы-Тулегенова Малика;
Биология бағытының доцентіАйдарбаева Докторхан Кайсарбекқызы;
География, қоршаған орта, қызмет көрсету бағытындағы білім беру бағдарламаларының доценті - Карбаева Шолпан;
Биология бағытының аға оқытушысы - Джамилова Сауле;
Халықаралық қатынастар кафедрасының аға оқытушысы - Чумаченко Татьяна;
Экономикалық мамандықтар кафедрасының аға оқытушысы - Құрмантаева Айман;
Математика, физика және информатика институты директорының ғылыми істері жөніндегі орынбасары - Уалиев Заир;
Математика, физика және информатиканы оқытудың әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы - Ерженбек Бұлбұл.

 

Университеттің қоғамдық өміріне белсене атсалысқаны және қажырлы еңбегі үшін «Құрметті қызметкер» төсбелгісімен


Шығыс филологиясы және аударма кафедрасының меңгерушісі міндетін атақарушы -Абдрахманова Кульсун Халыковна марапатталады.


Шара соңында университетіміздің жас өнерпаздары өнерлерін ортаға салап, барша қатысушыларға мерекелік көңіл күй сыйлады.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар
және жастар саясаты жөніндегі департамент