қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
30.12.2020

Командалық спорттық жарыстардың жеңімпаздары марапатталды

 

Ұжымды жаппай спортқа баулу және салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында университеттің кешенді жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 7 қарашасы мен 12 желтоқсан күндері өткен командалық спорттық жарыс футбол, волейбол, теннис және шахмат ойын түрлері бойынша институттар командалары арасында ұйымдастырылды.

 

2020 жылдың 29 желтоқсаны күні «Спорт - денсаулық кепілі» жалпыуниверситеттік командалық спорттық жарыстардың жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтті.

 

Марапаттау рәсімін Тәрбие жұмысы және әлеуметтік даму жөніндегі проректор Жанатбек Ішпекбаев ашып, барша жеңімпаздарды құттықтады.

 

Сөз кезегін алған дене шынықтыру және спорт кафедрасының меңгерушісі Ерғали Мұхиддинов барша қатысушыларды келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

 

Жалпыкомандалық есеп бойынша ІІІ орынды Өнер, мәдениет және спорт институтының командасы жеңіп алып, 30 000 теңге көлемінде ақшалай сыйақы, диплом және арнайы кубокпен марапатталды.

 

ІІ орынды Жаратылыстану және география институтының командасы жеңіп алып, 50 000 теңге көлемінде ақшалай сыйақы, диплом және арнайы кубокпен марапатталды.

 

Жүлделі І орынды Математика, физика және информатика институтының командасы қанжығасына байлап, 70 000 теңге көлемінде ақшалай сыйақы,диплом және арнайы кубокпен марапатталды.

 

Әрбір спорттық жарыстар барысында үздік ойынымен көзге түскен оқытушылар «Үздік ойыншы» номинациясына ие болып, 10 000 теңге көлеміндегі сертификаттар табысталды.

 

Спорттық ойындарға төрешілік жасаған дене шынықтыру және спорт кафедрасының оқытушылары университет ректорының алғыс хатымен және 50 000 теңге ақшалай сыйақымен марапатталды.

 

Шара соңында проректор Жанатбек Ішпекбаев барша ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, Жаңа жыл мерекесімен құттықтады.

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   

 

   


Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар

саясаты жөніндегі департамент