қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
31.12.2020

 

Құрметті оқытушылар, қызметкерлер және білім алушылар!

 

Сіздерді келе жатқан Жаңа жылмен шын жүректен құттықтаймын!

 

Өткен жыл бәріміз үшін оңай болған жоқ. Бірақ қиындықтар біздің мінезімізді шыңдап, тәжірибемізді арттырды және ортақ мақсат - елдің өркендеуі жолында батылдық қосты. Біз бірге өте маңызды жұмыстар жасаймыз: білім, спорт және туризм саласында жоғары білікті мамандар даярлаймыз. Біздің түлектеріміздің әлемдік аренадағы жетістіктері әрқайсыңыздың күнделікті жұмысымыздың нәтижесі. Сіздердің арқаларыңызда біздің университет бүгінде Қазақстан Республикасының жетекші педагогикалық жоғары оқу орындарының бірі болып саналады.

 

Оқу орнымыздың профессор-оқытушылар құрамына, докторанттарына, магистранттарына, студенттер мен университет қызметкерлеріне биылғы жылы бірлесіп атқарған жұмыстарымыз үшін алғыс айтқым келеді. Ортақ күш-жігердің арқасында біздің мақсатымыз - білім беру сапасы кәсіби мансап үшін сенімді іргетас беретін Қазақстанның жетекші университеттерінің бірі болу жолында елеулі қадам жасалды. Бұл мақсатқа қол жеткізуге болатынына сенімдімін.

 

Жаңа жыл жаңа қызықты жобалардың, бірлескен жетістіктер мен табыстардың жылы болсын! Білім және ғылым саласындағы бірлескен еңбектеріміз жаңа жолдар мен мүмкіндіктерге жол ашсын! Мақсатқа жетудегі табандылық кез-келген кедергілерді жеңуге және арманға ұмтылуға көмектеседі!

 

Баршаңызға зор денсаулық, бейбітшілік, амандық, бақыт және жаңа табыстар тілеймін!

 

 


Құрметпен,

ректор Такир Балықбаев