қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
03.02.2021

Университеттің «ERASMUS+» бағдарламасына қатысуының

алғашқы қорытындылары

 

2021 жылы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті ERASMUS+бағдарламасының «Жоғары білім беру саласындағы әлеуетті арттыру» (ЖБӘА) жобаларының консорциумына кірді. ERASMUS+ ЖБӘА бағдарламасының құрамдауышы шеңберінде Еуропалық одақтың әріптес елдердің жоғары оқу орындары мен жоғары білім беру жүйелеріне ұзақ мерзімді ықпал етуге қол жеткізуге бағдарланған жобаларды қаржыландыруы мүмкін.

 

Қазақстанда Эразмус+ бағдарламасын үйлестіруді Эразмус+(НЭО) бағдарламасының Ұлттық кеңсесі жүзеге асырады, ол бағдарламаға қатысу мәселелері бойынша ақпараттық қолдау және кеңес беру, әріптестерді іздеуге көмек көрсету, жоғары білім беруді реформалау жөніндегі ұлттық сарапшылар командасының (ҰК ЖБРС) қызметін үйлестіру, сондай-ақ Эразмус+ жобаларына мониторинг жұмыстарын жүргізеді.

 

2021 жылдың қаңтар айының соңында М.Әуезов атындағы ОҚУ Эразмус+ бағдарламасы жобаларына қатысты Грандхолдерлерінің онлайн-кездесуі өтті. Абай атындағы ҚазҰПУ атынан аталмыш шараға үйлестіруші, постдокторант Б.Сапарғалиева және жобаның басты тұлғасы, коммерцияландыру бөлімінің бастығы Т.Игісінов қатысты.

 

Онлайн-кездесу барысында бірнеше күн бойы баяндамалар, семинарлар, жобаларды қорғау, желілерді құру және озық тәжірибемен алмасу бойынша іс-шаралар өтті.

 

Эразмус Агенттіктің өкілдері мен KAZDUAL («Қазақстанда дуалды жүйені енгізу») жобасының серіктес университеттерінің жұмыс топтары жобаның барысы мен кезеңдері туралы сұрақтармен алмасты. Жобаны іске асырудың егжей-тегжейлері нақтыланды және пайдалы ақпарат алынды, нәтижесінде келіссөздерге қатысушылар арасында өзара іс-қимыл жасауға қол жеткізілді.

 

Грандхолдерлердің онлайн-кездесуінің қорытындысы бойынша екі әріптес-университет: М.Әуезов атындағы ОҚУ және Абай атындағы ҚазҰПУ жұмыс топтарының бірлескен отырысы өткізілді. Жұмыс топтары міндеттерді жүктеп, қысқа мерзімді перспективада жұмыс жоспарын нақтылады.