қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
05.02.2021

Сталинград шайқасының батырларын еске алу күні

 

2021 жылдың 4 ақпанында Халықаралық ынтымақтастық департаменті, Филология және көптілді білім беру институтының орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы, «Алматыкітап Баспасы» және Алматы қаласының № 165 мамандандырылған лицейі «Мен туған ұлымды, сталинградтықтар, сіздердің қатарларыңызға бердім» (Ж.Жабаев) Сталинград шайқасының батырларын еске алу күніне арналған кездесу өткізді.

 

Жүзден астам адам жиналған кездесуге қатысушыларға университеттің Стратегиялық даму және интернационалдандыру жөніндегі проректоры Ақтолқын Құлсариева құттықтау сөз сөйледі. Алматыдағы Ресей Бас консулдығының сарапшысы, бас маман Ольга Мощеева да қазақстандық және ресейлік көрермендерді жылы лебізбен қарсы алды.


№ 165 Мамандандырылған лицейдің лицейшілері Жамбыл Жабаевтың Сталинград шайқасына арналған «Мызғымас бекініс» өлеңін оқып, барлық кездесуге шынайы және толқыған әсер берді.


Кездесуде Қазақстан Республикасы Президенті Мұрағатының бас сарапшысы Евгения Чиликова сөз сөйледі. Оның «Сталинград шайқасына қатысушы қазақстандықтар туралы дерек көздері» атты баяндамасы осы тарихи тақырыпты зерттеуде жаңа деректерді көрсетті.


Кездесудің жас қатысушылары «Сталинград шайқасы» (Волгоград қ.) мұражай-қорығының экскурсиялық-ағартушылық бөлімінің жетекші әдіскері Максим Насекиннің әңгімесінен көп жаңалық білді. Оның «Сталинград шайқасы: тарих сабақтары» хабары мұражай экспонаттарын және әскери кинохроника кадрларын мәнерлеп көрсетуімен қатар жүрді.


Кездесу бағдарламасы Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «Motor-Roller» тобының көшбасшысы Ілияс Аутовтың сөз сөйлеуімен аяқталды. Ол көрермендерге бейнеклип көрсетілген «Сталинград» әнінің шығу тарихы туралы ойбөлісті.


Кеш соңында орыс тілі және әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Сәуле Әбішева жас қатысушылар үшін әңгіменің маңыздылығын атап өтті. Соғыс жылдарында көп ұлтты кеңес халқының өткенін, ерлігін еске алу қазақстандықтардың жаңа ұрпақтарында сақталуы қажет.