қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
11.05.2011

14.04.2011 Абай атындағы ҚазҰПУ-дың физика-математика факультетінде Алматы қаласы (Германиялық академиялық алмасу қызметі) ДААД бағдарлаушысы Эва Порциуспен кездесу өтті.

Эва Порциус ханым «Германиядағы оқу және ғылыми іс-тәжірибе» тақырыбында мастер-класс өткізіп және ДААД-тың келесі стипендиялары туралы ақпараттармен таныстырды:
• - Студенттерге арналған жоғарғы оқу орындарының жазғы курстары;
• - Студенттерге арналған семестрлік стипендиялар;
• - DAAD/OSI-магистратурада оқу (магистрлық бағдарламалар)
• - Жас ғалымдар мен аспиранттарға арналған стипендиялар;
• - Ғалымдар алмасу;
• - Студенттердің Германияға оқу-таным сапары;
• - Дамушы елдерге арналған магистратура.

Бұл стипендиялар Германияда жоғары білім алуға және жалғастыруға мүмкіндік береді. Германияда ағылшын тілінде оқуға болады! Бүгінгі күні жүздеген бакалавриат және магистратура курстары ағылшын тілінде оқытылуда. Стипендиялық бағдарламалар туралы толық ақпараттарды www.daad.kz, www.study-in.de осы сайттардан табуларыңызға болады.