қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
18.02.2021

«Өмір - өнер» шығармашылық көрмесі

 

2021 жылдың 10 ақпанынан бастап Өнер, мәдениет және спорт институтында «Жасампаз» сурет галереясында «Өмір - өнер» шығармашылық көрмесі өтуде. Көрмеде Абай атындағы ҚазҰПУ оқытушылары мен түлектерінің шығармашылық жұмыстары ұсынылған.

Іс-шараның мақсаты - жастар арасында бейнелеу өнерін насихаттау, студенттерге рухани-адамгершілік білім беру және олардың мәдени дамуы, сонымен қатар университетіміздің талантты оқытушылары мен түлектеріне қолдау көрсету.

Бұл көрмеге Абай атындағы ҚазҰПУ-дың шетелдік студенттері мен Халықаралық ынтымақтастық департаментінің қызметкерлері қатысты.