қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
22.02.2021

Abai University басшылығы mini - MBA «Top Manager University» бағдарламасы бойынша аралық бақылау тапсырды

 

Университет басшылығы 2020 жылы 9 қазанда басталған mini - MBA «Top Manager University» бағдарламасы бойынша алған білім нәтижесін айқындау мақсатында ақпан айында аралық бақылау тапсырды.

 

Әрбір проректор, құрылымдық бөлімдер мен институт директорлары аралық бақылауға үлкен жауапкершілікпен қарап, өз білім алушыларының орнында болып көрді, сәйкесінше қобалжу да орын алды. Бұл бағдарлама білім алушыларды түсінуге және оларға бір қадам жақындауға жақсы мүмкіндік болып отыр.


Mini - MBA қатысушылары бағдарлама барысында өз қызметкерлерінен қажетті нәтижелерді алуды, табысты маркетингтік стратегияны құру үшін не қажет екенін және университет қаржысын сауатты басқаруды үйренумен қатар қосымша табыс көздерін табу үдерісін жаңғыртып, меңгеруде.