қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
24.02.2021

Мүмкіндігі шектеулі балаларға кешенді көмек көрсету бойынша кездесу


2021 жылы 24 ақпанда ҚР Жоғары оқу орындарына арналған инклюзивті білім беру Ресурстық орталығының директоры, Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры Зульфия Мовкебаева Қазақстан Республикасында 2020-2023 жж. арналған Жол картасы аясында мүмкіндігі шектеулі балаларға кешенді көмек көрсетуді жақсарту бойынша Білім және ғылым министрлігі ұйымдастырған кеңесте «Арнайы мектепке дейінгі білім беру жүйесінің әдістемелік және кадрлық құрамы» тақырыбында баяндама жасады.

Іс-шараны ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова жүргізді. Кездесуге Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі омбудсмен - Аружан Саин, білім бөлімдерінің басшылары, Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология институтының директоры - Галия Абаева, «SATR» ЖШС бас директоры - Роза Сүлейменова, Ұлттық ғылыми-практикалық даму орталығының арнайы және инклюзивті білім беру орталығының директоры - Айгерим Кудеринова, Қазақстанның барлық аймақтарындағы мектепке дейінгі білім берудің арнайы ұйымдарының басшылары қатысты.