қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
26.02.2021

Университет жатақханаларының командалары арасында волейболдан жарыс


2021 жылдың 25 ақпанында «My KazNPU» студенттік апталығы аясында волейболдан жарыс өткізілді. Іс-шара М. Әуезов атындағы спорт кешенінде өтті. Жарысқа университеттің 5 жатақханасынан командалар қатысты. №2 жатақхана командасы I-ші орын алып, жарыстың жеңімпазы атанды. II-ші орынды № 5 жатақхана командасы табан тіреді, ал III-ші орынды №3 жатақхана командасы иеленді.

 

Қатысушылар жарыс ұйымдастырушыларына алғыс айтып, төрешілердің жұмысын жоғары бағалады!

 

Қазіргі қоғамда, әсіресе жастар ортасында, интернет кеңістігіне шамадан тыс ену проблемасы артып келеді. Адамдар бір-бірімен аз сөйлесіп, тірі диалогты хабарламалармен алмастырады. Спорттық іс-шаралар дене шынықтырудың дамуына ғана емес, жағымды эмоционалды көңіл - күйді сақтауға да ықпал етеді.

 

Сау болғыңыз келсе, спортпен шұғылданыңыз! Қатысушы командаларға алғыс білдіреміз!

 

   

 

   

 

Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департамент,

Жастар ісі жөніндегі комитеті