«Оқытушылардың шешім қабылдауға қатысуы» халықаралық вебинар қорытындысы
2021 жылы 5 сәуірде Абай атындағы ҚазҰПУ-да Ғылым айы мен қолданыстағы «Нақты деректер негізінде оқытушыларды дайындау және ұйымдастырушылық мәдениет» халықаралық жоба аясында Сакраментодағы Калифорния Университетінің (АҚШ) қатысуымен «Оқытушылардың шешім қабылдауға қатысуы» тақырыбында халықаралық онлайн-вебинар өткізілді. Жоба халықаралық білім беру жөніндегі Американдық Кеңес қолдауымен U.S.-Kazakhstan university partnerships grants бағдарламасымен және Америка Үкіметімен қаржыландырылады.
Вебинарды ұйымдастырушылар - Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Филология және көптілді білім беру инcтитуты шығыс филологиясы және аударма кафедрасы, пост-докторанттар.
Вебинарды Ғылыми жұмыс және цифрландыру жөніндегі проректор Саябек Сахиев, сонымен қатар АҚШ және Қазақстан жоғары оқу орындарының серіктестік бағдарламасының, халықаралық білім жөніндегі Америкалық Кеңестердің үйлестірушісі Мақсат Қошқарбаев ашты. Вебинар модераторы - Абай атындағы ҚазҰПУ атынан жоба үйлестірушісі Баян Сапарғалиева. Іс-шараның басты спикері Сакраментодағы Калифорния Университеті Білім колледжінің деканы (АҚШ), жоба үйлестірушісі Александр Сидоркин.
Іс-шара барысында модератор Баян Сапарғалиева вебинар бағдарламасын ұсынып, жобаның мақсаты мен міндеттері туралы қысқаша айтып берді. Александр Сидоркин Америка университеттеріндегі оқытушылардың өзін-өзі басқару әдістері туралы, оның басталуынан бастап қазіргі уақытқа дейінгі өзін-өзі басқару мәселелері туралы айтты. Спикер ұжымдағы сәтті командалық жұмыстың құралдары мен тәжірибесімен бөлісіп, егер қызметкер талантты болса, оған өзінің таланттары мен әлеуетін көрсету үшін еркіндік қажет екенін атап өтті.
Онлайн-вебинарда 60-қа жуық қатысушы, АҚШ, Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан және Қазақстан елдері жоғары оқу орындарының өкілдері болды, олардың ішінде Кентукки университеті, Орталық Азиядағы ASIIN Герман аккредиттеу агенттігінің өкілдігі, «Экономика Жоғары Мектебі» Ұлттық зерттеу университетінің базалық мектебі № 210 «Корифей» муниципалды автономды жалпы білім беру мекемесі, Ташкент Мемлекеттік Экономикалық Университеті, ОШ мемлекеттік университеті, М.М. Адышев атындағы Ош технологиялық университеті, ОШ мемлекеттік университетінің медициналық колледжі, М.С. Нәрікбаев атындағы Қазақ мемлекеттік заң университеті, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті, Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті, Нархоз университеті, Қазақ мемлекеттік құрылыс және сәулет академиясы және Абай атындағы ҚазҰПУ.
Вебинар соңында спикер талқылау үшін интерактивті сұрақ қойды. Оқытушылардың қызығушылығы осы талқылауда және вебинарға қатысушылардың сұрақтары мен жауаптарының пікірталасында байқалды. Вебинар достық нотада аяқталды, вебинарға қатысушылар спикерге және онлайн іс-шараны ұйымдастырушыларға алғыс білдірді.
ҚазҰПУ сайтындағы хабарландырулардағы сілтемелерді қадағалауыңызды сұраймыз. Халықаралық онлайн-вебинарлар сериясы 2021 жылғы 5,6,7,8,9 сәуірде жалғасады.
Вебинар презентациялары қосымша беріледі.