қазақша · русский · english
 
"ҚР жоғары оқу орындарында инклюзивті білім берудің ресурстық кеңес беру және тұлға психологиясы" ғылыми орталығы
 
 

         

2017 жылдың 2 наурызда «Зағип және нашар көретін азаматтарға арналған республикалық кітапхананың» шақыруымен Абай атындағы ҚазҰПУ «Превентивті  суицидология және ЖОО арналған инклюзивті білім берудің Ресурстық кеңес беру орталық» ғылыми-практикалық орталығының директоры  З.А.Мовкебаева және Мүмкіндіктер шектеулі студенттерді қолдау кеңестік-практикалық орталығының басшысы Маженов Б.М. дөңгелек үстелге қатысты. Бүгінгі күнде республикалық кітапхананың қызметін пайдаланып жатқан зағип жандардың қатары 3 мыңнан асады. Олардың көзбен көруге мүмкіндігі болмаған соң әрнәрсені қолмен ұстап, дыбыс арқылы тыңдап, сезім мүшелерімен түйсінеді. Аталмыш кітапханада зағип жандар мен көзі нашар көретін азаматтардың ыңғайына қарай кітап оқуға барлық жағдай қарастырылған. Сондай-ақ ондағы көптеген кітап Луи Брайльдің жүйесі бойынша бедерлі-нүкте әріптерімен әзірленген. 

 

 

Абай атындағы ҚазҰПУ Мүмкіндіктер шектеулі студенттерді қолдау кеңестік-практикалық орталығы 2017 жылдың 25 қаңтарда «Равный - Равному» Қазақ ассоциясымен ынтымақтастық туралы шартына сәйкес Абай атындағы ҚазҰПУ мүгедек студенттерді «ТВ және Кино мектебі» тақырыбы бойынша  шығармашылық мамандықтарға үйрету үйірме жұмысын ұйымдастырды.

 

 

Оқу ғимараттарындағы қолжетімділік ортасын қалыптастыру мақсатында «Жігер» ұйымымен бірге 20 Л.Брайль шрифтімен жазылған тақтайшалар көру кемістігі бар тұлғалар үшін қажетті әкімшілік құрылымдардан бастап, кітапхана т.б. есік маңдайшаларына орнатылды.

 

 

 

2016 жылдың 8 қараша күні Абай атындағы ҚазҰПУ-ға Аккредитация, сертификация және сапаны сараптау институтының (ACGUIN, Германия) сараптама тобы сапар шеңберінде, тифлопедагогика саласындағы сарапшы, профессор Свен Дегенхардт (Гамбург университеті, Гамбург қ., Германия) Мүмкіндіктері шектеулі студенттерді қолдау кеңестік-практикалық орталығына келді. Ол орталығының материалдық-техникалық базасымен және жұмысымен танысып, қызметкер мен еріктілермен сөйлесті.