қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
30.04.2021

 

 

Құрметті оқытушылар мен қызметкерлер! Қымбатты студенттер, магистранттар және докторанттар!

 

1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күнімен құттықтауымды қабыл алыңыздар!

 

Тәуелсіз Қазақстанның барлық табыстары мен жетістіктері - бұл, ең алдымен, барлық қазақстандықтардың бірлігінің нәтижесі. Мемлекет өмірінің барлық саласында болып жатқан ауқымды жаңару жаңа жетістіктер мен жеңістер жолында біздің бірлігіміз бен тұрақтылығымызды нығайтуға ықпал ететініне сенімдімін.

 

Өз білімін туған елінің игілігіне бағыттайтын болашақ мамандарды тәрбиелеуді таңдаған әріптестерімді құттықтаймын және шын жүректен алғыс айтамын. Сондай-ақ, жаңа білімді сапалы меңгеру жолындағы студенттерді, магистранттар мен докторанттарды құттықтағым келеді. Сіздер өз жетістіктеріңізбен университетіміздің имиджін көтересіздер.

 

Біз оқытушыларымыздың, дарынды студенттеріміздің, жас ғалымдар мен зерттеушілердің - грант иегерлерінің, олимпиадалар мен жарыстардың жеңімпаздарының жетістіктерімен мақтанамыз, түлектеріміздің жетістіктеріне шын жүректен қуанамыз.

 

Абай университетін, жалпы еліміздегі және әлемдегі педагогикалық саланы дамытуға бағытталған жоғары кәсіби және жемісті еңбектеріңіз үшін алғыс айтамын. Сіздерге, жақындарыңызға зор денсаулық, бақыт, амандық, табыс, қуаныш және барлық жоспарларыңыздың орындалуын тілеймін!

 

 

 

Құрметпен, Басқарма төрағасы-ректор Такир Балықбаев