қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
19.05.2021

АҚ «Халықаралық бағдарламалар орталығы» Президенті Карбозова Айнурмен онлайн-брифинг

 

2021 жылдың 18 мамырында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің оқытушылары мен білім алушыларының АҚ «Халықаралық бағдарламалар орталығы» Президенті Айнұр Карбозовамен онлайн-брифингі өтті. Брифингтің модераторы стратегиялық даму және интернационалдандыру жөніндегі проректор Ақтолқын Құлсариева болды. Брифингте Айнұр Карбозова әлемнің жетекші университеттері мен компанияларында академиялық оқудан өту және ғылыми-өндірістік тағылымдамалар, «Болашақ» халықаралық стипендиясын тағайындауға конкурстық іріктеудің ережелері мен шарттары туралы егжей-тегжейлі айтып берді. Кездесуге 70-ке жуық оқытушылар мен білім алушылар қатысып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, жауаптарын алды.

 

   

 

   

 

Халықаралық қатынастар департаменті