қазақша · русский · english
 
 
 

Хабарландыру


Абай атындағы ҚазҰПУ 2020 жылы түскен 2 курс және 2021 түскен 1 курс студенттері, Қазақстан Республикасының азаматтары, күндізгі бөлім студенттері әскери кафедрада оқуға ниетіңіз болса, 2022 жылдың 15 ақпанынан бастап 2022 жылдың 31 мамырына дейін дейін келуі қажет, әскери кафедрада конкурстық іріктеуге қатысуға өтініш қабылданады.

 

Запастағы офицерлерді даярлау бағдарламасы бойынша оқу үшін құжаттар бірінші (4 жылдық оқумен) және екінші (5 жылдық оқумен) курс студенттерінен қабылданады.

 

Запастағы сержанттарды даярлау бағдарламасы бойынша оқу үшін құжаттар бірінші, екінші (4 жылдық оқумен) және бірінші, екінші үшінші (5 жылдық оқумен) курс студенттерінен қабылданады.


Өзіңізбен келесі құжаттар болуы тиіс:
1. Қазақстан Республикасы азаматының жеке куәлігі (түпнұсқасы мен көшірмесі);
2. Тіркелу куәлігі немесе әскери билет (түпнұсқасы мен көшірмесі);
3. Институт директоры қол қойған студенттің ЖОО-дағы нақты оқуы туралы анықтама («Шапағат» студенттерге сандық қызмет көрсету орталығы);
4. 3х4 көлеміндегі 2 фотосурет;
5. Соттылықтың болуы не болмауы туралы анықтама (ХҚКО);

6. Спорттық жетістіктерді (бар болған кезде) растайтын құжат;

7. Мекен-жай туралы ақпарат (қыздарға арналған);
8. Жеке істерді тіркеуге арналған екі мөлдір файл.


Сұрақтарыңызбен № 8 кабинетке немесе төмендегі телефонға хабарласыңыз:
1. Подполковник запаса Оразбеков Бауыржан Жаркынбекович - 87789552121;
2. Жұмыс телефон - 3822735.