қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
23.07.2021

Өзбекстанда мұғалімдермен және мектеп түлектерімен кездесулер өтті


2021 жылдың 1-18 шілде аралығында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың маркетинг бөлімінің бастығы Әсел Қаламбаева кәсіптік бағдар беру жұмыстары мен білім беру бағдарламаларын ұсыну мақсатында Өзбекстанның 10-нан астам қалаларында болды. Іс шаралар барысында талапкерлер мен оның ата-аналары, орта мектептердің директорлары мен мұғалімдерімен кездесулер өткізілді. Аталған іс-шаралар, Өзбекстан аймағындағы жоғары білім алу қызметі бойынша ең ірі консалтингтік компаниясы болып табылатын, біздің серіктесіміз OOO «ASIA CONSALT CENTER» - мен ұйымдастырылған.

 

Сондай-ақ, Нөкіс қ. (Қарақалпақстан) Бердах атындағы Қарақалпақ мемлекеттік университетінің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі басшылығымен кездесу өтті, оның барысында біздің университетімізбен ынтымақтастықты одан әрі нығайту саласында бірқатар мәселелер талқыланды.


Видеоматериал