қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
11.02.2019

Құрметті университеттің білім алушылары

 (бакалавриат, магистратура, PhD докторантура), 

профессор-оқытушылар құрамы және ғылыми қызметкерлері! 

 

Мемлекет басшысы, Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаев 2019 жыл жастар жылы деп жариялады. Абай атындағы ҚазҰПУ жас таланттарына қолдау көрсету мақсатында жас ғалымдардың ғылыми гранттарына арналған зерттеу жобалары конкурсын жариялайды.


Конкурстың мақсаты - «Қазақстан-2050» Стратегиясын, «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыруға, зерттеушілік университет деңгейіне қол жеткізуге бағытталған жас зерттеушілердің шығармашылық белсенділіктерін ынталандыру және болашағы зор жобаларды анықтау.


Өтінімдерді қабылдау мерзімі: 11.02.2019 ж. - 25.02.2019 ж.

 

Конкурсқа 35 жасқа дейінгі тұлғалар қатыса алады.

 

24.04.2018ж. Абай атындағы ҚазҰПУ ғылыми кеңесінің (№8 хаттамасы) шешімі негізінде бекітілген Абай атындағы ҚазҰПУ ғылыми жас зерттеушілеріне арналған ережеге сай конкурстың өтінімі толтырылады.

 

Конкурсқа қатысуға арналған өтінімдер Ғылым департаментінде қабылданады, мекен-жайы: Қазыбек би 30, № 1 корпус,  каб.: 201, 211, тел.: 291-27-10, 291-10-22.  nauka_kaznpu@bk.ru

 

Конкурс туралы ереже

 

 

Ғылым департаменті