қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
15.02.2019

Құрметті Абай атындағы ҚазҰПУ-дың студенттері мен оқытушылары!


ҚазҰПУ-дың серіктес университеті - Перпиньян Виа Домитья Университеті (Франция) педагогикалық мамандықтар, гуманитарлық ғылым (лингвистика, шетел тілдері- француз тілі), бизнес және әкімшілік (учет және аудит, қаржы, менеджмент, маркетинг, туризм) бағыттары бойынша Эразмус+ академиялық ұтқырлық шәкіртақы бағдарламасына қатысуға шақырады.

 

Эразмус+ академиялық ұтқырлық шәкіртақы бағдарламасына бакалавриат, магистратура және докторантура бойынша білім алушылар, қызметкерлер қатыса алады.

 

Құжаттарды қабылдау кезеңі: 2019 жылдың 14 ақпанынан 31 наурызға дейін

 

Үміткерлердің қатысу шарттары:

- француз тілінен емтихан тапсырылғаны туралы куәліктің (DELF B2 / TCF B2) болуы міндетті немесе француз тілінің оқытушысынан француз тілін білу туралы растау;

- оқу мерзімі: 9 ай.

 

Бакалавриаттағы үшінші курс студенттері бұл бағдарламаға қатыса алмайды.

Толық ақпаратты берілген сілтемелер арқылы алуыңызға болады: guide for applicants немесе Перпиньян Виа Домитья Университетінің сайты univ-perp.fr  .

 

Сондай-ақ, шәкіртақы, үміткерлерді іріктеу және таңдау шарттары туралы қосымша ақпараттармен қатар, француз және ағылшын тілдеріндегі үміткерлерге арналған нұсқаулық сайттың  оң жағында орналасқан.

 

Құжаттарды тапсырудың соңғы мерзімі - 31 наурыз 2019 ж.

 

Қосымша ақпаратты Халықаралық бағдарламалар және ынтымақтастық бөлімінен алуға болады. Байланыс тел.: 8 727 291 36 92, №1 оқу ғимараты, 205 кабинет.