қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
03.09.2021

Абай университетінде Қазақстандағы ЕО Өкілдігінің

сыртқы байланыстар жөніндегі басшысымен кездесу өтті


2021 жылғы 2 қыркүйекте Абай атындағы ҚазҰПУ-да жоғары оқу орнының ректораты өкілдерінің еліміздегі Еуропалық Одақ Өкілдігінің сыртқы коммуникациялар жөніндегі басшысы Эльнура Абакановамен кездесуі өтті.


Кездесу барысында тараптар Абай атындағы ҚазҰПУ және ЕО елдерінің жоғары оқу орындарымен, ғылыми бағыттар аясында, университетте білім беру мен ғылыми жобаларды енгізу және дамытудың, сондай-ақ бірлескен іс -шараларға қатысу аясында ынтымақтастықты ілгерілету мүмкіндігін талқылады. Еске сала кетейік, Абай атындағы ҚазҰПУ әлемнің 29 елінен 138 университет - серіктестерімен, оның 86-сы Еуропалық университеттер, 34-і Еуропалық Одақ елдерінің жоғары оқу орындарымен бірігіп жұмыс жасайды.