қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
14.09.2021

Әлем кубогы-2021

 

2021 жылдың 10-13 қыркүйек аралығында Румения елінің Констанца каласында қазақ күресінен Әлем кубогы өтті. Жарысқа барлығы 28 мемлекеттің балуандары қатысты.


Жарыстың басты мақсаты - ұлттық күресімізді дамыту және халықаралық аренада насихаттау, мемлекеттердің ынтымағын арттырып, достастығын нығайту. Қазақстан ұлттық құрамасының мүшесі, Абай атындағы ҚазҰПУ Өнер, мәдениет және спорт институты дене шынықтыру және спорт кафедрасының 3 курс студенті Бекжан Төлепов 55 келі салмақ дәрежесінде әлем кубогының жеңімпазы атанды. Сонымен қатар халықаралық дәрежедегі спорт шебері нормативін орындады. Құттықтаймыз!