қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
23.09.2021

QS Graduate Employability Rankings-2022: Абай университеті рейтингте топ-501+ қатарына енді

 


 

Бүгін, 2021 жылғы 23 қыркүйекте QS (Quacquarelli Symonds) халықаралық талдау агенттігі әлем университеттерінің түлектерінің жұмысқа орналасуы бойынша QS Graduate Employability Rankings-2022 рейтингіcінің жыл сайынғы есебін жариялады. Абай университеті осы рейтингке алғаш рет қатысып, әлемнің 550 университеттері арасында 501+ орынға ие болды. Айта кету керек, университеттер рейтингіне қатысқандардың жалпы саны 679.

 

Рейтингке 8 Қазақстандық ЖОО қатысқанына қарамастан, тек үш университет (Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Абай атындағы ҚазҰПУ, Е.А.Бөкетов атындағы ҚарМУ) «QS Graduate Employability Rankings» қорытынды кестесіне енгізілді. Abai University - түлектердің жұмысқа орналасуы бойынша осындай маңызды рейтингке енген жалғыз педагогикалық жоғары оқу орны екенін мақтанышпен айтуға болады.

 

Рейтингті бағалау кезінде жұмыс берушілер арасындағы қорытынды нәтиженің 30%, түлектердің табыстылығына - 25%, жұмыс берушілермен серіктестікке - 25 %, жұмыс берушілердің кампуста болуына - 10% , жұмысқа орналасуға - 10% жауап беретін әдістеме пайдаланылды. Айта кету керек, Абай атындағы ҚазҰПУ «Жұмысқа орналасқан түлектердің үлесі» бойынша әлемде 38 -ші орынды иеленіп, жоғарыда аталған екі қазақстандық университетті басып озды. Атап айтқанда, бұл көрсеткіш бітіргеннен кейін 12 ай ішінде толық немесе толық емес жұмыспен қамтылған түлектердің пайызын өлшейді.

 

Университет «Жұмыс берушілер мен студенттердің өзара іс-қимылы», «Жұмыс берушілермен серіктестік» көрсеткіштері бойынша 201+ орынды, ал «Жұмыс берушілер арасындағы бедел», «Түлектердің табыстылығы» көрсеткіштері бойынша әлемде 301+ орынды алады.


Абай университетінің бұл рейтингтегі орнықтылығы оның мектептермен жоғары деңгейдегі тығыз байланысының барлығы мен Мансап орталығының түлектерді жұмысқа орналастыруға жәрдемдесу жүйесін жолға қойғандығының арқасында мүмкін болғанын атап өткен жөн. Осылайша, біздің университет ТМД елдерінің арасында педагогикалық білімнің көшбасшысы болуға тағы бір қадам жақындады.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ ұжымын жаңа жетістіктерімен құттықтаймыз!