қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
27.09.2021

ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Қала күніне арналған кездесу

 

2021 жылы 25 қыркүйекте Филология және көптілді білім беру институтының орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына және Қала күніне арналған кездесу ұйымдастырды.

 

«Алматы суретшілердің көзімен» тақырыбындағы Әдеби қонақ бөлмеге көп жылдар бойы Ресей Федерациясының Алматыдағы консулы болған Валлеттегі (Мальта) Орыс Үйінің жетекшісі Ирина Переверзева және Алматыдағы Россотрудничество (Ресей ынтымақтастығы) өкілдігінің білім беру жобалары саласындағы ынтымақтастық бөлімінің бастығы Тамара Зубкова шақырылды.

 

Алматы қаласының №165 мамандандырылған лицейінің оқушылары Марина Асылбекованың жетекшілігімен әдеби композиция дайындап, қаламыздың поэтикалық портретін ұсынды.

 

Оксана Танская - өнертанушы, Ә.Қастеев атындығы ҚР Мемлекеттік өнер мұражайының экскурсиялық бөлімінің жетекшісі, - өз суреттерінде Алматы пейзаждарын көрсеткен қазақстандық суретшілердің шығармашылығымен таныстырып, қаланың тарихы туралы әңгімеледі.

 

Іс-шараның 70-тен астам қатысушысы - оқушылар, студенттер, педагогтар-ұйымдастырушыларға тек ақпараттық мазмұндылығы үшін ғана емес, кездесудің оң, эмоционалдық және рухани көңіл-күйі үшін де алғыс білдірді.