қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
08.10.2021

Ы.Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына арналған «Үміт еткен достарым» тарихи-танымдық дәрісі

 

2021 жылдың 7 қазанында «Ұлы дала тұлғалары» орталығының ұйымдастыруымен қазақтың көрнекті ағартушы-педагогы Ыбырай Алтынсариннің 180 жылдық мерейтойына арналған «Үміт еткен достарым» тақырыбындағы тарихи-танымдық дәріс офлайн/онлайн форматта өтті. Дәрісті «Ұлы дала тұлғалары» орталығының жетекшісі Гүлшат Нұрымбетова жүргізді.

 

Ы.Алтынсарин шығармашылығы мен оның мұрасын зерттеуге арналған кітаптар көрмесі ұйымдастырылды.

 

Дәрісте Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университетінің профессоры Досалы Салқынбек «Қазақ даласының шамшырағы» тақырыбында баяндама жасап, Ы.Алтынсариннің еңбектеріне талдау жасады. Университетіміздің Бастауыш білім беру бағдарламалары кәсіби даярлау бөлімінің жетекшісі Әзия Жұмабаева Ы.Алтынсарин шығармаларын білім беру үдерісінде оқытудың маңыздылығына көңіл бөле отырып, Ы.Алтынсарин қолданған оқыту әдістерінің әлі күнге дейін өзектілігін баса көрсетті.

 

Тарихи-танымдық дәрісте Қостанай қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы мемориалдық мұражайының қызметкері Назгүл Шектібаева мұражай қорында сақталған жәдігерлерге саяхат жасау арқылы білім алушыларға ерекше әсер қалдырды.

 

Айта кеткен жөн, шараға студенттерде белсенді қатысты: университеттің Филология және көп тілді білім беру институтының 3-курс студенті Ы.Алтынсарин атындағы ІІ Республикалық жарыстың бас жүлде иегері - Азиза Сазанбай «Ыбырай Алтынсариннің өшпес мұрасы» туралы баяндама жасаса, осы институттың 2-курс студенті, Үркер театрының мүшесі Заманбек Тәжібай, Әділет Бердішев Ы. Алтынсариннің «Өнер, білім бар жұрттар» өлеңін оқыды.

 

Жастарды оқыту мен тәрбиелеудегі Ы.Алтынсариннің өмірі мен қажырлы еңбегі бізге әлі ұзақ уақыт үлгі болмақ.