Негізгі бет
Жаңалықтар
09.11.2021 Абай университетінің 4-ші курс студенті ҚР Президенті стипендиясының иегері Абай университеті Педагогика және психология институтының «Әлеуметтік ғылымдар (Психология)» білім беру бағдарламасының кәсіптік даярлау бөлімінің «Психология (бизнес)» мамандығының 4-ші курс студенті Даулеткалиева Эльмира ҚР Президенті стипендиясының иегері атанды.
Даулеткалиева Эльмира университетке оқуға түскен сәттен бастап оқу озаты атанды, институттың және университеттің аясында өткізілген барлық іс-шараларда жоғары белсенділік танытып келеді. Эльмира Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіндегі студенттер мен магистранттардың жыл сайын өткізілетін 73-ші (2018ж); 74-ші (2019ж); 75-ші (2020ж) ғылыми-практикалық конференцияларда жүлделі 1,2-ші орын иегері атанды.
Үздік студентіміз Эльмира Студенттердің арасында өткізілген Республикалық ғылыми-зерттеу жұмыстарының сайысында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 1-ші дәрежелі дипломымен марапатталды. Эльмираның Абай атындағы ҚазҰПУ-дың «Хабаршы» журналында және Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің студенттерінің ғылыми-практикалық конференциясы жинағында мақалалары жарық көрген.
Даулеткалиева Эльмираның оқудағы озат үлгерімі мен интеллектуалды қабілеттері, мол ғылыми әлеуеті университет тарапынан марапаттауға лайық деп табылып, 2019-2020 оқу жылында Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Ресей Федкрациясының Псков мемлекеттік университетінде білім алуға жіберілді. Эльмира аталған оқу орнында білімін шыңдап, жетілдірумен қатар, Псков мемлекеттік университетінде Тіл мерекесіне арнап ұйымдастырылған интерактивті ойында команданың лидері деп танылып, 1-ші орын иегері атанды.
Даулеткалиева Эльмираның «Президенттік стипендиясы» иегері болуы - біздің мамандық үшін зор қуаныш және мәртебеміздің белгісі. Үздік студентіміздің жетістіктері мамандық бойынша емес, сонымен бірге институттың барлық студенттері үшін үлгі болары сөзсіз. Біздің Эльмира сияқты мықты, білімді, ғылыми әлеуеті мол, интеллектуалды қабілеттері дамыған студенттеріміздің қатары көбейе береді деген үміттеміз.
|