Университет құрылымы | Спорт клубы студенттердің денсаулығын нығайту, студент спортшылардың спорттық шеберлігін арттыру, Университетте жаппай дене шынықтыру жұмыстары ауқымын кеңейтуге бағытталған Абай атындағы ҚазҰПУ-дың құрылымдық бөлімшесі болып табылады.
Абай атындағы ҚазҰПУ спорт клубы сабақтан тыс дене тәрбиесі мен спорттық-сауықтыру іс-шараларын өткізумен айналысады.
CК мақсаты: - дене шынықтыру мен спортты дамыту бойынша, студенттер, магистранттар, оқытушылар, жоғары оқу орындарының қызметкерлері және олардың отбасы мүшелері арасында кешенді іс-шараларды жүзеге асыру; - Университеттегі спорттық-сауықтыру іс-шараларының тиімді жүйесін құру; - студенттер мен спортшылардың спортқа деген қажеттіліктерін қанағаттандыру; - салауатты өмір салтын насихаттау.
CК міндеттері: - университет ішіндегі спорт жарыстарын және басқа да іс-шараларды өткізу; - Университеттің қолданыстағы оқу-материалдық базасына негізделген ойын және басқа спорт түрлеріне арналған спорт секцияларын ұйымдастыру; - әртүрлі спорттық-сауықтыру іс-шараларын ұйымдастыруға және өткізуге мекемелерге әдістемелік және практикалық көмек көрсету; Университеттен тыс өткізілетін түрлі жарыстар мен спорт жарыстарына университеттің ұлттық құрамаларын жинақтау; - университет аралық турнирлерді, жарыстар мен ойындарды өткізу ережелерін әзірлеу.
|