
Ректор аппараты |
«Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті» коммерциялық емес акционерлік қоғамы Кадр саясаты басқармасының негізгі мақсаттары мен міндеттері: 1. Басқарманың негізгі мақсаты - адам ресурстарын тиімді басқару, қызметкерлердің саны мен сапасының оңтайлы деңгейін ұстап тұру, заманауи технологияларды пайдалану, жұмыс тәжірибесімен алмасу, сондай-ақ оқу және тәрбие процестерін үздіксіз жетілдіру.
2. Басқарма міндеттері: 1) тәжірибелі, жоғары білікті және ортақ стратегиялық мақсатқа жетуге мүдделі қызметкерлермен қамтамасыз ету; 2) кадрларды іріктеу және орналастыру; 3) кадрлық есепке алуды жүргізу; 4) қызметкерлердің іскерлік қасиеттерін зерделеу және бағалау, қызметкерлердің атқаратын лауазымдарына сәйкестігін зерделеу; 5) кадрларды оқытуды және олардың біліктілігін арттыруды, қызметкерлерді аттестациялауды ұйымдастыру және жүргізу; 6) әрбір қызметкердің кәсіби дағдылары мен әлеуетті мүмкіндіктерін тиімді пайдалану; 7) педагогикалық қызметкерлердің еңбегін арттыру мақсатында тиімді мотивация жүйесін құру; 8) орындаушылық тәртіпті, қызметкерлердің қызметтік міндеттерін орындауға жауапкершілігін арттыру, еңбек тәртібін нығайту; 9) қоғамда қызметкерлердің еңбек жағдайларымен барынша толық қанағаттануы үшін жағдайлар жасау; 10)ұжымда қолайлы микроклиматты құруға және сақтауға ықпал ететін іскерлік корпоративтік мәдениетті қалыптастыру.
|
|
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|