қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
06.05.2019

Жаңа жоғары мектепке - жаңа кадрлар


2019 жылдың 30-31 мамырында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде Еуразиялық педагогикалық университеттер қауымдастығының атқарушы дирекциясымен бірлесе ұйымдастырылған жас ғалымдардың «Педагогикалық жоғары оқу орындарының профессор-оқытушы құрамының кәсіби құзыреттілігін дамыту мәселелері: жаңа жоғары мектепке - жаңа кадрлар» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтеді.

 

Конференцияға Ресей, Қазақстан, Қырғызстан, Белоруссия, Армения, Өзбекстаннан келген үздік жас оқытушылар мен ғалымдар - ТМД мемлекеттерінің педагогикалық жоғары оқу орындарының, колледждер мен қосымша кәсіби педагогикалық білім беру ұйымдарының жас оқытушыларының ғылыми-әдістемелік әзірлемелерінің «Оқытуды үйренеміз» халықаралық конкурсының жеңімпаздары қатысады.

 

 

Мақалаға қойылатын талаптар