Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдерді даярлау бойынша мәжіліс
2021 жылдың 24 желтоқсанында Абай атындағы ҚазҰПУ-де «Педагогикалық ғылымдар» білім беру саласындағы Оқу-әдістемелік бірлестігі-Жобаларды басқару топтары жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдерді даярлаудағы мәселелерге қатысты онлайн мәжіліс өткізілді. Шараға Қазақстанның жоғары оқу орындары, жұмыс берушілер, Алматы қаласы білім басқармасы өкілдері қатысты.
Мәжілісте оқыту нәтижелерін жоспарлаудағы өзекті мәселелер, жаратылыстану бағытындағы мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастырудағы бейінді пәндер, сонымен қатар педагогикалық жоғары оқу орындары түлектерін жұмысқа орналастырудағы мәселелер мен перспективалары, білім беруді жаңғырту жағдайындағы теория мен практиканың өзара байланысы және оқулықтар мен оқу құралдарын РОӘК ОӘБ грифтеріне ұсыну мәселелері қарастырылды.
Мәжіліс модераторы Абай атындағы ҚазҰПУ Басқарма төрағасы - Ректор, РОӘК ОӘБ-ЖБТ төрағасы Дархан Біләлов сөз сөйлеп ашты.
Мәжілісте химия, биология, география мұғалімдерін даярлау бағыты бойынша жоба командасының жетекшісі, Абай атындағы ҚазҰПУ доценті Шолпан Карбаева, математика, физика, информатика мұғалімдерін даярлау бағыты бойынша жоба командасының жетекшісі, Абай атындағы Абай атындағы ҚазҰПУ аға оқытушысы Салтанат Шармуханбет, Алматы қаласы білім басқармасының Білім берудегі жаңа технологиялар қалалық ғылыми-әдістемелік орталығының ғылыми-әдістемелік және инновациялық жұмыс бөлімінің әдіскері Дәулет Байсұлтанов, Алматы қаласы М. Ганди атындағы № 92 мамандандырылған лицейінің химия пәнінің мұғалімі Суннатулла Каумбаев, М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінің аға оқытушысы Константин Жадан, Абай атындағы Абай атындағы ҚазҰПУ аға оқытушысы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің аға оқытушысы Дилара Нұрбаева баяндамалар жасады.
Мәжіліске қатысушылар пән мұғалімдерді даярлаудың өзекті мәселелері туралы баяндамаларды тыңдап, талқылап, өз ойларын ортаға салды, пікір алмасты. Нәтижесінде Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары үшін пән бойынша мұғалімдерді даярлау бойынша ұсыныстар қабылданды.