Тіркеу кеңсесі | Басты / Біз туралы / Университет құрылымы / Департаменттер / Академиялық мәселелер жөніндегі департамент / Тіркеу кеңсесі
Тіркеу кеңсесі-Абай атындағы ҚазҰПУ-дың негізгі құрылымдық бөлімдерінің бірі.
Тіркеу кеңсесінің қызметі Ережеге және білім беру процесін реттейтін басқа да нормативтік және құқықтық актілерге сәйкес жүзеге асырылады.
Тіркеу кеңсесі өз қызметінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің нормативтік құжаттарын және оқу процесін ұйымдастыру туралы Ережелерді басшылыққа алады.
Тіркеу кеңсесінің қызметінің негізгі міндеттері: - кредиттік оқыту жүйесін жетілдіру; - білім алушылардың жеке білім траекторияларын тіркеу, қалыптастыру және бақылау; - білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылау жүйесін ұйымдастыру; - академиялық топтарды қалыптастыру; - барлық оқу кезеңі ішінде білім алушылардың оқу жетістіктерін есепке алу; - бекітілген Академиялық күнтізбе бойынша білім алушылардың білімін бағалау және аттестациялау бойынша іс-шараларды ұйымдастыру, қамтамасыз ету және сапалы өткізу; - деректер базасында білім алушы ақпаратының дұрыс толтырылуын бақылау және офис регистратор ақпараттық жүйесін өзектендіру; -құрылымдық бөлімшелермен, институт директораттарымен, ПОҚ және эдвайзерлермен/ тьютерлермен өзара байланыс; - білім алушыларға, оқытушыларға және әкімшілік персоналға нақты академиялық ақпарат беру; - білім алушыларды оқуға қабылдау, ауыстыру, қайта қабылдау, академиялық демалыстан оралу туралы бұйрықтардың негізінде тіркеу; - білім алушыларды оқу пәндеріне тіркеу және қайта тіркеу процесін ұйымдастыру; - топтар мен топшалардың рентабельділігін анықтау; - білім алушылардың академиялық рейтингін қорытынды бақылау нәтижелері бойынша анықтау; - оқу бағдарламаларындағы академиялық қарыз бен айырмашылықты жою үшін жазғы (қосымша) семестрді ұйымдастыру, - сессиялардың академиялық көрсеткіштерін, қорытынды аттестацияларды, студенттердің білімін бақылауды талдау; - емтихан сессиясының қорытындысы бойынша ҚР БҒМ-не семестрлік есеп (№34 нысан).
Тіркеу кеңсесінің қызметкерлері
|