қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
28.01.2022

Екатеринбургтегі конференцияға қатысушылар М. Мақатаевтың мұрасымен танысты

 

2022 жылдың 27 қаңтарында Орал мемлекеттік педагогикалық университетінің (Ресей, Екатеринбург қ.) қызметкерлерімен ұйымдастырылған «Бажов-Мәдени мұра» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

 

Осы ғылыми форумда Ресей мен Орталық Азия халықтарының мәдени мұрасының мәселелері талқыланды.

 

Конференцияда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі Сәуле Әбішева «Мұқағали Мақатаевтың мәдени мұрасы: тағдыр және поэзия» тақырыбында баяндама жасады.

 

Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының ғылыми байланыстары кең географияға ие. Бүгін оларға тағы бір университет қосылды, олармен ынтымақтастық жалғасады.