қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
10.07.2019

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «6D011300 - Биология» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Aбдукaдировa Жансая Aбдимуратовнаның «Өсімдіктер анатомиясы мен морфологиясы пәнін оқытуда болашақ биология мұғалімдерінің инновациялық ойлауын қалыптастыру» тақырыбында диссертациясы қорғалады.

 

Диссертация Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде орындалған.

 

Қорғау тілі - қазақша.

 

Ғылыми кеңесшілер:
Курмaнбaевa Меруерт Сакеновна - биология ғылымдарының докторы, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің профессоры м.а., Биоалуантүрлілік және биоресурстар кафедрасының меңгерушісі, Алматы қ., Қазақстан Республикасы.
Чилдибaев Жумадил Байдилдаевич - педагогика ғылымдарының докторы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Биология кафедрасының профессоры, Алматы қ., Қазақстан Республикасы.
Бияшев Руслан Маратович - PhD доктор, Вирджиния мемлекеттік университетінің политехникалық институты, Вирджиния штаты, АҚШ.

 

Рецензенттер:
Бакирова Кулжахан Шаймерденовна - педагогика ғылымдарының докторы, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің профессоры, Алматы қ., Қазақстан Республикасы.
Ситпаева Гульнара Токбергеновна - биология ғылымдарының докторы, Ботаника және фитоинтродукция институтының бас директоры,Алматы қ., Қазақстан Республикасы.

 

Диссертацияны қорғау 2019 жылдың 18 қыркүйегі, сағат 13.00-де Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің «6D011300 - Биология» мамандығы бойынша философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежелерін беру үшін диссертацияларды қорғау жөніндегі Диссертациялық Кеңесте өтеді.

 

Мекен-жайы: 050010, Алматы қаласы, Достық, 13 (3-қабат, 307 аудитория). Сайттың мекен-жайы: www.kaznpu.kz 

 

Аңдатпа

 

Ғылыми жарияланымдар тізімі

 

Диссертацияны қорғау барысында түсірілген бейне жазба


Философия докторы (PhD) дәрежесін беру туралы бұйрық