қазақша · русский · english
 
 
 
17.03.2022

Мектеп және практикант: мамандық, кәсіби бағыт, іс-тәжірибе


2022 жылдың 16 наурызында Филология және көптілді білім беру институтының шетел тілдері кафедрасының аға оқытушылары Нурекешова Г.Р., Султанкулова Ш.У., Таженова А.С., Тілеубай С.Т. 4 курс студенттерінің тәжірибеден өтіп жатқан мектептеріндегі түлектерге онлайн режимінде кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізді. Тақырып - «Мектеп және практикант: мамандық, кәсіби бағыт, іс-тәжірибе».


Іс-шараға Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы С.Аманжолов атындағы, Алматы облысы Жамбыл ауданы Ұзынағаш ауылы Ш.Уалиханов атындағы, Алматы облысы Іле ауданы №43, Алматы облысы Абай атындағы, Алматы облысы Қастеев атындағы, Түркістан облысы Ордабасы ауданы Қараспан ауылы Е.Ерназаров атындағы, Түркістан облысы Т.Рүстемов атындағы №12 мектеп-гимназиясы, Түркістан облысы Қазығұрт ауданы М.Әуезов атындағы, Түркістан облысы Сауран ауданы Абай атындағы, Қарағанды облысы Нұрмақов атындағы, Жамбыл облысы С.Сейфуллин атындағы, Манғыстау облысы Қарақия ауданы №7 мектептерінің 100-ге жуық оқушылары қатысты.


Жоғарыда аталған ауыл мектептерінде дипломалды тәжірибеден өтіп жатқан студенттер Істілеу Н., Тұрсынбек Д., Омашева А. университеттің білім беру бағдарламаларына тоқталып, таңдаған мамандықтары туралы өз ойларын ортаға салды.


Нұрекешова Г.Р. виртуалды 3D тур арқылы университетіміздің сайтынан жалпы шолу жасады, Абай атындағы ҚазҰПУ-да бар мамандықтарға және университеттің құрылған күннен бастап жеткен жетістіктеріне тоқталды. Тақырыптық слайдтарды да пайдаланды.

 

Сұлтанқұлова Ш.У., Тәженова А.С. және Тілеубай С.Т. жаңа білім алуға ұмтылып, ел игілігі мен оның кемел келешегі жолында қызмет ететін жастар үшін университетіміздің есігі әрқашан ашық екенін атап өтті.

 

   

 

   

 

   




Кері оралу