қазақша · русский · english
 
 
 
05.04.2022

Абай атындағы ҚазҰПУ-да Ғылым онкүндігі аясында «The Best Young Scientist - 2022» шығармашылық конкурсы өтті

 

2022 жылдың 5 сәуірінде Абай атындағы ҚазҰПУ-дың шетел тілдер кафедрасының ұйымдастырумен «Ғылым онкүндігі-2022» іс-шарасына орай «The Best Young Scientist - 2022» шығармашылық конкурсы өтті.

 

«6В01703 - Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандығының 1-2 курс (107, 112, 115, 116, 206, 208 топтар) студенттері және шетел тілдері кафедрасының магистр оқытушысы Б.Б. Кемелдің ұйымдастыруымен «The Best Young Scientists 2022» тақырыбында «Постер» шығармашылық конкурсы өткізілді.

 

Академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша келген шетелдік магистранттар «The Best Young Scientist - 2022» тақырыбында өткізілген іс-шараға өз пікірлерін білдірді. Магистрант мамандар «Постер» шығармашылық конкурсынан алған әсерлерімен бөлісу барысында ҚазҰПУ студенттерінің ерекше креативтілігі мен олардың өз ойларын ағылшын тілінде еркін жеткізгендігіне ризашылығын білдірді. Сонымен қатар ұйымдастыру және әлеуметтік маңызы жағынан алып қарағанда шығармашылық конкурсы өте жоғары дәрежеде және ашық режимде өткенін атап өтті.

 

   

 

   




Кері оралу