қазақша · русский · english
 
 
 
25.11.2024

«Шет тілін оқытудағы инновациялық тәсілдер мен технологиялар» әдістемелік семинар – тренингі

 

2024 жылдың 20 қарашасында Абай атындағы ҚазҰПУ Филология факультеті шетел тілдері кафедрасының оқытушылары Қарасай ауданының Білім департаментімен бірлесе отырып Қ.Кошмамбетов атындағы орта мектепте аудан мектептерінің ағылшын тілі мұғалімдеріне арналған «Шет тілін оқытудағы инновациялық тәсілдер мен технологиялар» атты аудандық әдістемелік семинар - тренинг өткізді.


Семинар - тренингтің мақсаты - ағылшын тілі сабақтарында заманауи оқыту тәсілдері мен технологияларын пайдалана отырып, кәсіби шеберлікті арттыруда мектеп мұғалімдеріне ғылыми - әдістемелік көмек көрсету, аралас деңгейлі топтарда шет тілін оқыту проблемаларын анықтау, талқылау және осы проблемалардың практикалық шешімін көрсету. Іс-шараға Қарасай аудандық №54 мектеп мұғалімдер қатысты.

 

Кафедра тарапынан семинар - тренинг спикерлері:

Педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор Забира Ешімбетова. Баяндама тақырыбы: «Ағылшын тілі сабақтарындағы заманауи әдістер мен технологиялар». Спикер заманауи әдістер мен технологияларға терең теориялық талдау жасады, оларды шет тілі сабақтарында қолданудың орны мен рөлін ашты, практикалық қолдану мысалдарын көрсетті.


Педагогика ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы Жанар Кулекенова. Баяндама тақырыбы: «Көп деңгейлі топтарда ағылшын тілін оқытудың тәсілдері мен технологиялары». Тақырып көп деңгейлі топтарда шет тілін оқыту мәселесіне арналған.


Магистр, аға оқытушы Шолпан Сұлтанқулова. Баяндама тақырыбы: «Ағылшын тілі сабақтарындағы ақпараттық технологияларды іс жүзінде қолдану. Баяндама ағылшын тілі сабақтарындағы АКТ, олардың рөлі және оларды практикалық сабақтарда қолдану жолдарын ашуға бағытталған.


Семинар-тренинг Алматы облысы Қарасай ауданы мектептерінің ағылшын тілі мұғалімдері мен мектеп ұжымы үшін үлкен теориялық және практикалық маңызға ие болды. Аталған іс-шараны ұйымдастыруда және өткізуде орта мектеп директоры Б.К.Қуанышева мен ағылшын тілі мұғалімдері бастаған Қ. Кошмамбетов атындағы мектеп ұжымы үлкен көмек пен қолдау көрсетті.


Семинар - тренинг жоғары әдістемелік деңгейде өтті.

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу