қазақша · русский · english
 
Академик Т.С.Садықов атындағы жаңа және қазіргі замандағы Қазақстан тарихы
 
 
18.12.2024

«Бір шаңырақ астында» мерекелік іс-шарасы


2024 жылдың 17 желтоқсанында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай Тарих және құқық факультетінің «Академик Т.С. Садықов атындағы жаңа және қазіргі замандағы Қазақстан тарихы» кафедрасының ұйымдастыруымен «Бір шаңырақ астында» тақырыбында мерекелік шара өткізілді.

 

Іс-шара - Тәуелсіздіктің құндылығын, жеткен жетістіктерін насихаттау, жастардың бойында патриоттық рухты, елге деген мақтаныш пен құрмет сезімдерін қалыптастыру мақсатында өтті. Сонымен қатар, Қазақстанның көпұлтты халқы арасындағы достық пен бірлігін, елдегі түрлі ұлт пен ұлыс өкілдерінің татулығын көрсете отырып, студенттердің шығармашылық әлеуетін дамыту және ұлтаралық қарым-қатынасты нығайту болды.

 

Мерекелік шараға, университетімізіде білім алып жүрген түрлі ұлт өкілдерінің білім алушылары, Саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасына қарасты "Қазақстан халқы Ассамблеясы" орталығының қызметкерлері қатысты. «Академик Т.С. Садықов атындағы жаңа және қазіргі замандағы Қазақстан тарихы» кафедрасының меңгерушісі Мухтар Муратказыұлы, профессор Ғизатолла Қаймолдаұлы, доцент Еркін Нұратдинұлы Қазақстан Тәуелсіздігінің тарихи маңызы мен жетістіктеріне тоқталып, ой-пікірлерімен бөлісті.

 

Сонымен қатар, бұл іс-шараның негізгі ерекшелігі - әртүрлі ұлт өкілдерінің бір-бірімен тығыз байланысын көрсету арқылы Қазақстандағы бірегей «Бейбітшілік пен келісім» моделін дәріптеу болып табылады.

 

Бұл шараның аясында мәдениет пен бірлікті насихаттайтын көптеген көріністер көрсетіледі. Ол елдегі ұлттар арасындағы ынтымақтастық пен достық қарым-қатынастың маңызды екенін тағы бір мәрте дәлелдейді.

 

  alt=  

 

  alt=  

 

  alt=  




Кері оралу