
Академик Т.С.Садықов атындағы жаңа және қазіргі замандағы Қазақстан тарихы кафедрасы | Басты / Факультеттер / Тарих және құқық факультеті / Кафедралар / Академик Т.С.Садықов атындағы жаңа және қазіргі замандағы Қазақстан тарихы кафедрасы / Жаңалықтар
14.12.2025
2025 жылдың 11 желтоқсанында Абай атындағы ҚазҰПУның Тарих және құқық факультетінің «Академик Т. Садықов атындағы жаңа және қазіргі замандағы Қазақстан тарихы» кафедрасында докторанттардың дәстүрлі ғылыми семинары өтті. Іс-шараға 1,2 курс докторанттары мен ғылыми жетекшілері, кафедра меңгерушісі Г.Р. Нұрымбетова, деканның ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі орынбасары, т.ғ.к. Г.К. Балахметова қатысты. Ғылыми семинар жетекшісі, т.ғ.к., проф. Т.Т. Далаева, хатшысы- PhD, аға оқытушысы С.Г. Белоус. Семинар барысында 2 курс докторанттары Берікболова Айзада «Ақмола, Семей облыстарындағы оқу-ағарту және мәдениет саласындағы меценаттық қызметтің түрлері (XIX ғ.2-ші жартысы-XX ғ. басы)» (Ғылыми жетекшісі, т.ғ.д., проф. Ғ.Қ.Кенжебаев), Дүйсенбайқызы Айтолқын «Білім беру бағдарламасы негізінде тарих пәні мұғалімдерін даярлау: шетелдік және Отандық тәжірибе» (Ғылыми жетекшісі, PhD Асымова Д.Б.), Идрисова Айдана «Қазақстанның жаңа заман тарихы оқулықтарындағы экономикалық тарихтың визуалды символикасы (XX ғасырдың екінші жартысы – XXI ғасырдың басы)» (Ғылыми жетекшісі, т.ғ.к., проф. Т.Т. Далаева) Утеулиева Баршагул «Тарихты аралас, инклюзивті және әділ оқыту тәсілдері» (Ғылыми жетекшісі, PhD Д.Б. Асымова) атты тақырыптарға баяндама жасады. Семинарға Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты бас директорының ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, т.ғ.к. Ш.Б. Тлеубаев мен Ежелгі және ортағасыр Қазақстан тарихы кафедрасының PhD, аға оқытушысы М. Ескер зерттеулеріне оң бағасын беріп, ғылыми пікірталасқа белсенді атсалысты. Іс-шара жас ғалымдар үшін тәжірибе мен идея алмасудың маңызды алаңы болды.
Кері оралу |
|
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс) 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|