қазақша · русский · english
 
Академик Т.С.Садықов атындағы жаңа және қазіргі замандағы Қазақстан тарихы кафедрасы
 
 
14.12.2025

2025 жылдың 10 желтоқсанында Тарих және құқық факультетінің 6В01602 – «Тарих-география» білім беру бағдарламасының студенті Сәбденова Ұлдана Алматы қаласындағы №102 мектепте 8 «ә» сыныбына «Неліктен қоғам ақтар мен қызылдарға қақ жарылды?» тақырыбында Lesson Study форматында ашық сабақ өткізді. Іс-шараға факультеттің әдіскерлері, Академик Т.С. Садықов атындағы жаңа және қазіргі замандағы Қазақстан тарихы кафедрасының доценттері, т.ғ.к. Г.У. Рашева мен С.К. Тулбасиева, Әлем тарихы кафедрасының профессоры, т.ғ.д. А.Ш. Махаева, білікті әдіскер маман Р.Ө. Сейтқазиев, сондай-ақ OECD халықаралық сарапшысы Клеа Фернандез қатысты. Сабақ мазмұны интерактивті презентация арқылы ұсынылып, топтық жұмыс, ойын технологиялары және сараланған тапсырмалар негізінде ұйымдастырылды. Lesson Study әдістемесіне сәйкес А, В, С деңгейіндегі оқушылардың оқу әрекеті жүйелі түрде бақылауға алынып, сабақ қорытындысында рефлексивті талдау жүргізілді. Ашық сабақ оқушылардың тарихи ойлау дағдыларын дамытуға, пәндік білімін тереңдетуге және оқыту сапасын арттыруға бағытталған тиімді педагогикалық тәжірибе ретінде жоғары бағаланды.

 

 




Кері оралу