қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
06.08.2019

Қосымша бөлінген білім беру гранттары

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті 2019 жылғы 5-10 тамыз аралығында Алматы қаласы бойынша қосымша бөлінген білім беру гранттарына келесі білім беру бағдарламаларына құжат қабылдайды:

 

Код

Білім бағдарламалары

Таңдау пәндері

Мемлекеттік грант саны

В003

Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі

1.Биология

2. География

10

В009

Математика мұғалімдерін даярлау

1. Математика

2. Физика

10

В017

Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау

1. Орыс тілі

2. Орыс әдебиеті

10

 

Ескерту: қосымша білім гранты тек көп балалы отбасыларының және АӘК (атаулы әлеуметтік көмек) алушы отбасыларының балалары болып табылатын 2019 жылғы мектеп бітіруші түлектерге арналған.


Аталған білім беру бағдарламалары бойынша қонкурсқа қатысу үшін Абай университетінің қабылдау комиссиясына төмендегі құжаттардың көшірмесін және түпнұсқасын жіберу керек:

-         өтініш;

-         білім туралы құжат аттестат түпнұсқасы;

-         маусым айында тапсырылған ҰБТ сертификаты және балл көрсеткіші педагогикалық ғылымдар бойынша - 60 балдан кем болмауы міндетті;

-         086-У нысаны бойынша медициналық анықтама;

-         сертификаттағы таңдау пәні сәйкес келу керек;

-         жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;

-         көп балалы отбасын (кәмілеттік жасқа толмаған 4 немесе одан көп бала) растайтын құжат;

-         АӘК (атаулы әлеуметтік көмек) алушы отбасыларының балалары болып табылатындығын растайтын анықтама.

 

Университеттің қабылдау комиссиясының байланыс телефондары:

 

8(727) 2-91-87-80; 2-91-73-71; 2-91-57-68.

e-mail: nurmahan_67@mail.ru, enlik1@mail.ru