қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
12.12.2011

 «Тәуелсіздіктің жиырма шыңдары» жұлдызды 20 күндер аясында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетімен өткізілген ғылыми іс-шаралар:

  • 2011 жылдың 25 қарашасында «ХХІ ғасыр зерттеушісі» атты магистранттар мен докторанттардың Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өткізілді;
  • Абай атындағы ҚазҰПУ ғалымдарының «Елбасы және Отандық білім жүйесі», «Социально-гуманитарные науки Казахстана в годы Независимости (1991-2011 гг.)», «Образование в годы Независимости Казахстана» атты ҚР тәуелсіздігінің 20-жылдығына арналған 3 монографиялары басылып шықты;
  • 2011 жылдың 3 қарашасында Абай атындағы ҚазҰПУ «Білім жүйесін ақпараттандыру» атты Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 20-жылдығына арналған 5-ші Халықаралық Форумның (Астана қаласы) жұмысына қатысты;
  • 2011 жылдың 28 қарашасында Магистратура и PhD докторантура институтымен, «Құқықтану және экономика» кафедрасымен «ҚР тәуесіздігіне 20 жыл: қорытындылары мен экономикалық және құқықтық дамуының келешектері» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді;
  • 2011 жылдың 28 қарашасында ресейлік математик-ғалымдары мен оқытушыларының қатысуымен «Мектеп пен ЖОО-да математика курсының мазмұн-аралық байланыс мәселелері» атты Республикалық семинары өткізілді. Семинар жұмысы БАҚ-да көрініс тапқан;
  • 2011 жылдың 25 қарашасында БАҚ-та кең таралған «Көрнекті түркітанушы ғалым, жазушы, аудармашы Немат Келімбетов және түркітану мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-теориялық конференция өткізілді;
  • 2011 жылдың 6 желтоқсанында Абай атындағы ҚазҰПУ тарих факультетінің «Теориялық-қолданбалы саясаттану мен әлеуметтану» кафедрасы елдің атақты саясаттанушылары қатысуымен және БАҚ-та кең таралуымен «Тәуелсіз Қазақстанның саяси жетілдірілуі: тәжірибелер мен сабақтары» тақырыбында Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 20-жылдығына арналған дөңгелек үстел өткізді;
  • 2011 жылдың 1 желтоқсанында Абай атындағы ҚазҰПУ «Қазақстан Республикасының ғылыми жетістіктері» атты Қазақстан Республикасының тәуелсіздігінің 20-жылдығына арналған көрме жұмысына қатысты;
  • 2011 жылдың 5-6 желтоқсанында Абай атындағы ҚазҰПУ «Назарбаев университетінде» өткен көрме жұмысына қатысты;
  • 9 желтоқсанда БАҚ-та кең көрініс тапқан «Механика, физика және оларды оқытудың ғылыми мәселелері» атты Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді;
  • 2011 жылдың 9-10 желтоқсанында шақырылған шетелдік ғалымдар және БАҚ өкілдерінің қатысуымен «Жаһандану және мәдениеттер диалогы контекстінде шет тілдерін оқытудың инновациялары мен келешегі» атты Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілді.