қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
05.04.2022

М. О. Әуезовтің 125 жылдығына арналған дөңгелек үстел

 

2022 жылдың 4 сәуірде Филология институтының орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтымен және «М.О. Әуезовтің мұражай үйі» ғылыми-мәдени орталығы жанындағы ғылыми-зерттеу орталығымен бірлесіп, дайындаған Ғылым онкүндігінің алғашқы үлкен іс-шарасы өтті.

 

Жазушының 125 жылдығына арналған «М.О. Әуезовтің шығармашылығы: заманауи дискурсивті зерттеулер, жаңа аудармалар» дөңгелек үстелі Абай университетінің студенттері мен оқытушыларын жинап, М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының ғылыми қызметкерлері көрнекті қазақ прозаигінің шығармашылығы туралы байыпты әңгіме өрбітті.

 

Филология ғылымдарының кандидаты, институттың бас директорының ғылым жөніндегі орынбасары Альмира Қалиева Институт қызметкерлерінің М.Әуезовтің шығармашылық мұрасын зерттеудегі үлкен жұмысы туралы айтып берді. Студенттер жазушының Мұражай-үйінің экспозициясымен танысуға мүмкіндік алды.

 

Кездесудің жас қатысушыларына филология ғылымдарының докторы, профессор, институттың бас ғылыми қызметкері, Қазақстанға танымал абайтанушы-ғалым Мекемтас Мырзахметовтың әңгімесі өте қызықты болды. Өмірін отандық әдебиеттің екі алыбы - Абай мен М.Әуезовтің шығармашылығын зерттеуге арнаған Мекемтас Мырзахметұлы адамгершілік кемелді тұлғаның рухани өрлеуі туралы айтты.

 

Дөңгелек үстелге қатысушылар филология ғылымдарының кандидаты, М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының талдау және сыртқы әдеби байланыстар бөлімінің меңгерушісі Светлана Ананьеваның әңгімесін қызығушылықпен тыңдады. Светлана Викторовна қазақстандық ғалымдардың халықаралық ғылыми және әдеби байланыстарының көрінісін жан-жақты және көрнекі түрде ұсынды.

 

Педагог және мектеп оқулықтарын шығаратын баспаның бас редакторы, филология ғылымдарының кандидаты Марина Асылбекова өз презентациясында М.Әуезовтің мектептегі шығармашылығын зерттеудің әдістемелік тәсілдерін көрсетті.

 

Орыс тілі және әдебиеті кафедрасының меңгерушісі филология ғылымдарының докторы Сәуле Әбішева дөңгелек үстелдің барлық қатысушыларына алғысын білдіріп, студенттердің өздері дайындайтын әдеби кездесулердің бүкіл сериясында М.Әуезовтің шығармашылығы туралы әңгімені жалғастыруға ұсыныс жасады