қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
29.10.2019

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің жанындағы «6D010300 - Педагогика және психология», «6D010700-Бейнелеу өнері және сызу» мамандықтары бойынша құрылған Диссертациялық Кеңесінде «6D010300 - Педагогика және психология» мамандығы бойынша философия докторы (РhD) дәрежесін алу үшін Нишанбаева Сабира Зетбековнаның «Педагогикалық жоғары оқу орындары студенттерінің отбасы-адамгершілік құндылықтарын қалыптастыру» тақырыбында диссертациясы қорғалатынын хабарлайды.


Диссертация Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде орындалған.

 

Қорғау тілі - қазақша.


Ғылыми кеңесшілер:
Абсатова Марфуға Абсатовна - педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Алматы қ., Қазақстан.
Мехмет Гючлю - PhD доктор, профессор Гази университеті, Анкара қ., Түркия мемлекеті.


Рецензенттер:
Мухтарова Шакира Мұқашқызы -педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті (мамандық шифры 13.00.01).
Қоңырбаева Сараш Сахиқызы - педагогика ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті(мамандық шифры 13.00.01).


Қорғау 2019 жылғы 29 қараша сағат 16:00-де Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің жанындағы диссертациялық кеңесінде өтеді. Мекен-жайы: 050010, Алматы қаласы, Достық даңғылы 13, Бас оқу ғимараты (3-қабат, 320-кабинет). Сайттың мекен жайы: www.kaznpu.kz


Аңдатпа


Ғылыми жарияланымдар тізімі

 

Диссертацияны қорғау барысында түсірілген бейне жазба


Философия докторы (PhD) дәрежесін беру туралы бұйрық