қазақша · русский · english
 
 
 
13.01.2020

Өзгермелі әлемдегі педагогикалық білім: жаңа басымдықтар


2020 жылдың 10 қаңтарында университетте Қысқы мектеп аясында «Өзгермелі әлемдегі педагогикалық білім: жаңа басымдықтар» семинар ұйымдастырылды. Семинарға Филология және көптілді білім беру инcтитутының шығыс филологиясы және аударма кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы (Халминям Масимова және Шаирям Баратова) қатысты. Іс-шара барысында «Студент жастарды тәрбиелеуді жетілдірудің өзекті мәселелері» тақырыбында пікірталас болды.


Семинарды Абай атындағы ҚазҰПУ-дың тәрбие және әлеуметтік ісі жөніндегі проректоры Жанатбек Ишпекбаев ашты. Университеттің Педагогика және психология институты педагогика кафедрасының профессоры Айман Берікханова тәрбие жұмысы бойынша мәселелерге талдау жасап, жас мамандардың жаңа ортаға бейімделуіне байланысты өз пікірін білдірді.

 

   

 




Кері оралу