қазақша · русский · english
 
Академик С.Қирабаев атындағы қазақ әдебиеті және оқыту әдістемесі кафедрасы
 
 
 Оспанов Еділбай Төлебайұлы
Кафедра меңгерушісі
Филология ғылымдарының кандидаты
Достық даңғылы, 13
 8-707-557-16-33

 

МИССИЯСЫ:

Әлемдік тенденциядағы аса маңызды озық әдістемелер, демократиялық білім беру, дербестендірілген оқыту (персонализация) қағидаттарын басшылыққа алатын, мұғалімнің рөлін тереңінен түсінетін, ұлттық құндылықтарды қазіргі заманғы білім беруге икемдейтін, бәсекеге қабілетті қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау.

 

Пайымдау:

Жаңа формациядағы қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімдерін, әдебиеттану бағытындағы жас ғалымдарды даярлайтын көшбасшы орталыққа айналады.

 

Кафедра туралы

Кафедраның ғасырға жуық тарихы бар. Университетіміздегі ең алғаш құрылған кафедралардың бірі. Әр жылдары университеттің даму бағытына сай кафедра құрамы жаңарып, кейде біріктіріліп көптеген өзгерістерге түсіп отырды. Кафедраның даму тарихында кешегі Алаш қайраткерлерінің ізбесерлары, атап айтқанда: академик Серік Қирабаев, Нығмет Ғабдуллин, Немат Келімбетов, Серік Мақпыровтың орны бөлек. Бүгінде сол ұстаздардан дәріс алған профессор-оқытушылар кафедраны дамудың жаңа биігіне жетелеп келеді.

 

2023 жылдың желтоқсан айынан бастап кафедра меңгерушісі - филология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы (Болашақ бағдарламасының түлегі) Еділбай Төлебайұлы Оспанов.

 

Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы: ҚР ҰҒА академигі -1; ғылым докторы -5; ғыл.кандидаты -13; PhD - 3; магистр аға оқытушы -6.

 

Ғылыми және әдістемелік жетістіктері:

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің іргелі зерттеу жобасының жеңімпазы (жетекшілер: ф.ғ.к., қауым.проф. Г.С.Асқарова). Университетішілік жас ғалымдар ғылыми жоба жеңімпазы ( А.А.Найманбаев). Абай университетінің 95 жылдығына орай қаржыландырылатын ынталы ғылыми жоба (Г.С.Каримова). «Болашақ» бағдарламасы аясындағы «500» ғалым жобасының жеңімпазы (Г.Б.Тоқшылықова). Жас ғалымдардың зерттеулерін гранттық қаржыландыруға арналған «Жас ғалым» ғылыми жобасының жеңімпаздары (жетекшісі Д.А.Сатемирова, докторант Д.Орынбаева).

 

Кафедраның профессор-оқытушылар құрамы 20-ға жуық ғылыми монографиялардың, 20-ден аса ЖОО арналғанн оқулықтар мен оқу құралдарының, 10-нан аса ЖОО арналған оқу-әдістемелік құралдардың, 200-ден аса мектеп оқулықтары мен оқу-әдістемелік құралдардың, 15-тен аса Web of Science және Scopus ғылыми базаларында индекстелген журналдарда мақала жариялаған авторлары. 100-ге жуық Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті тізіміндегі журналдардағы мақала авторлары, 10-нан аса патенттер мен авторлық куәліктерді алған авторлар.

 

Студенттер контингенті: кафедра педагогикалық және гуманитарлық бағыттағы мамандықтар бойынша 1300-ге тарта бакалавр, 40-тан аса магистрант, 20-дан аса докторант білім алуда.

 

Кафедраның оқу процесін ұйымдастыруна арналған аудиториялық қор:

- АКТ құралдарымен жабдықталған 4 дәрісхана;

- панелдік тақтамен жабдықталған 10 аудитория;

- 1 компьютерлік класс;

- 1 лингофон кабинеті;

- 18 аудитория;

 

Білім берудің үш деңгейі бойынша (бакалавриат, магистратура және докторантура) кадрларды даярлау келесі білім беру бағдарламалары арқылы жүзеге асырылады:

 

Бакалавриат

Магистратура

Докторантура

6В01701 - Қазақ тілі мен әдебиеті

7М011701 - Қазақ тілі мен әдебиеті

8D011701 - Қазақ тілі мен әдебиеті

6В02301 - Филология

7М02301 - Филология

8D02301 - Филология

 

7М02308 - Әдебиеттану

8D02305 - Әдебиеттану

 

Біздің мамандықта оқудың артықшылықтары:

- үздіксіз білім беру: бакалавриат, магистратура және докторантурада білім алу;

- академиялық ұтқырлық бойынша алыс шетелде білім алуы;

- Ұлы Абайдың «Толық адам» ілімі бойынша онлайн курстар, тәрбие жұмыстарына белсене қатысуы;

- әдістемелік десант: болашақ педагог мамандарды кәсіби қолдау форумы бойына кәсіби біліктілігін шыңдауы;

- «Көркем сөз - білімде» студенттерге арналған жоба бойынша жаңартылған білім бағдарламасындағы көркем шығармаларды талдай алу;

- «Мектеп жүрегі» студенттердің әдістемелік клубында қазақ әдебиеті материалдарын озық әдістемелер арқылы талдау.