қазақша · русский · english
 
 
 
26.01.2016

Абай атындағы ҚаҰПУ-дың Филология институтының оқу-әдістемелік бюросы және Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының ұйымдастыруымен 2016 жылдың 22 қаңтар күні Бас ғимараттың 320-дәрісханасында «Жоғары білім беру үдерісіндегі жобалай оқыту технологиясы - болашақ маманның кәсіби құзыреттілігін арттырудың тиімді жолы» атты әдістемелік семинар өтті.
Семинарды Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы Жанат Тұрарбекқызы Дәулетбекова ашып, семинардың қонағын, Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің профессоры, педагогика ғылымдарының докторы, «ЖОО үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегері, Педагогикалық білім берудің Халықаралық Ғылым Академиясының академигі Айгүл Амантайқызы Сәтбекованы, қатысушылармен таныстырды.
Айгүл Амантайқызы Сәтбекова әдістемелік семинарға қатысып отырған Филология институтының профессор-оқытушылар құрамы мен докторанттарға жобалай оқыту технологиясының өзіндік ерекшеліктері туралы жан-жақты баяндады, аталған технологияны оқу үрдісінде пайдаланудың жолдары туралы айтты. Жоба жұмысының түрлеріне талдау жасап, оны қолданудың тиімділігін нақты мысалдар арқылы дәлелдеп көрсетті.
Қатысушылар жоба жұмысына байланысты өздерін толғандырып жүрген сұрақтарын қойды. Семинар жоғары деңгейде өтті. Айгүл Амантайқызы Сәтбекова семинарға қатысушыларға сертификат табыстады.
Семинарды Филология институтының оқу-әдістемелік бюро жетекшісі, педагогика ғылымдарының докторы, доцент Райгүл Сәдуақасқызы Рахметова қорытындылап, Айгүл Амантайқызына Филология интитутының директоры Балтабай Әбдіғазиұлының атынан Алғыс хатты табыс етті.




Кері оралу