қазақша · русский · english
 
 
 
19.02.2020

Докторанттардың семинары жұмысын жалғастыруда

 

2020 жылдың 17 ақпанында Филология және көптілді білім беру инcтитуты орыс тілі мен әдебиеті кафедрасында профессор Людмила Сафронованың жетекшілігімен кезекті докторлық семинар өтті.


Дәстүр бойынша докторанттар өздерінің зерттеу жұмыстарының мазмұнын талқылайды, қатысқан аудиториядан ұсыныстар алады. Бұл жолы екі баяндама тыңдалып, талқыланды. «6D011800 - Орыс тілі мен әдебиеті» мамандығының 2 курс докторанты Ақмарал Умарова «Қазақстан педагогикалық университетінде көптілді білім беруде орыс тілін оқытудың CLIL технологиясы» тақырыбына баяндама жасады. «6D021300 - Тіл білімі» мамандығының 2-курс докторанты Ерол Турашбек «Салауатты өмір салтындағы ағылшын тілді лексемалардың қызметі (БАҚ негізінде)» тақырыбында баяндама жасады.


Cеминарға қатысқан докторанттардың жетекшілері профессор Гүлмира Қажығалиева және профессор Дамина Шайбакова, сөз сөйлеп, диссертация жазудың келесі кезеңдерін белгіледі

 

   

 

   

 




Кері оралу