қазақша · русский · english
 
 
 
16.02.2016

11.02.2016 жылы Филология институтының директоры ф.ғ.д., профессор Б.Әбдіғазиұлының, ф.ғ.д., профессор Қ.Ө.Есенованың, ф.ғ.д., профессор Г,С.Қосымованың ұйымдастыруымен Жалпы тіл білімі кафедрасында ПОҚ-на Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің доценті, ф.ғ.к.Шанжархан Бекмағамбетов "Тіл генетикасы: тілдік таңба-нышандық жүйе". Ғалым тілдің шығуы мәселесі жөнінде ғылыми семинар өткізді. Лектор адамзат тіліндегі ежелден қолданылып келе жатқан қарапайым сөздердің білдіретін ұғымдары барлық тілге ортақ әмбебап ұғымдар екенін бірнеше тілдерді салыстыру арқылы көз жеткізген. Тілдегі сөздердің таңбасын шар-қоршау ұғымынан шығарып, уақыт, кеңістік, қозғалыс ұғымдарының семантикалық өрісінен тауып талдайды. Бұл еңбек қазақ тіл біліміндегі ностратикалық теорияға қосылған зор үлес болып табылады.

 

  




Кері оралу