қазақша · русский · english
 
 
 
02.03.2020

Польшадағы докторанттың ғылыми тағылымдамасы аяқталды

 

2019 жылдың 18 қыркүйегінен 2020 жылдың 26 ​​ақпанына дейін Слупск қаласында (Польша) Померания академиясының докторанты Дорота Сметана-Болвако Филология және көптілді білім беру инcтитуты орыс тілі мен әдебиеті кафедрасында ғылыми тағылымдамадан өтті.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ-да тағылымдама әртүрлі ғылыми және ғылыми-әдістемелік шараларға толы болды. Польшадан келген докторант кафедраның оқытушыларының дәрістеріне, сонымен қатар Варман-Масури университетінің профессоры (Польша) А. Киклевичтің «Қазіргі лингвистикалық прагматика және дискурс» дәрісіне қатысты. Екі ғылыми мақала дайындап, Алматы және Нұр-Сұлтан қалаларында өткен бірнеше ғылыми конференцияларда баяндама жасады.

 

Дорота Сметана-Болвако БҒМ «Мектеп кітаптарын көпшілікке және кәсіптік талқылауға арналған жол картасы» бағдарламасына қатысып, 2019 жылдың 28 қазан - 16 қараша аралығында Тараз, Шымкент, Ақтөбе, Орал, Атырау, Ақтау қалаларында болып, онда жаңа Қазақстан Республикасының мектептеріне арналған оқулықтарын тестілеуге қатысты.

 

Филология және көптілді білім беру институтының ғылыми және білім беру іс-шараларында барып, қаламыздың мәдени өміріне қатысып, Польшадан келген докторант біздің еліміздің білім беру жүйесімен, халқымыздың тарихы мен дәстүрімен танысты. Дорота айтуынша, Қазақстан оның екінші үйі болды.

 

   

 

   




Кері оралу