қазақша · русский · english
 
 
 
02.03.2020

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетіндегі әріптестермен кездесу

 

2020 жылдың 28 ақпанында Филология және көптілді білім беру инcтитуты орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының магистранттары мен докторанттары профессор Манаткүл Мұсатаевамен бірге әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде лингвистикалық семинарға қатысты, онда социолингвистикалық терминдердің қос тілдік сөздігінің (қазақ және орыс тілдерінде) тұсаукесері өтті.

 

Сөздік әлеуметтану саласындағы жетекші маман, филология ғылымдарының докторы, профессор Элеонора Сүлейменованың бас редакторлығымен жасалды. Сөздікті талқылауға Қазақстан Республикасының әртүрлі жоғары оқу орындарының ғалымдары қатысты. Таныстыру жоғары ғылыми-теориялық деңгейде және шығармашылық жағдайда өтті.

 

   

 

   




Кері оралу